FlyArystan тегін қол жүгінің салмағын 7 келіге дейін арттырады

/
FlyArystan тегін қол жүгінің салмағын 7 келіге дейін арттырады
istockphoto.com

Қазақстандық лоукостер FlyArystan қол жүгін тасымалдау ережелерін өзгертеді. 2026 жылғы 1 наурыздан бастап жолаушылар ұшақ бортына қазіргі 5 келінің орнына салмағы 7 келіге дейінгі қол жүгін тегін алып кіре алады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Қолжүк өлшемдері өзгермейді – 56×23×36 см.

Жаңа ережелер 2026 жылғы 1 наурыздан бастап орындалатын барлық рейстерге, билет сатып алу күніне қарамастан, қолданылады. Ал 2026 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда) орындалатын рейстерде бұрынғы норма сақталады – 5 келі.

One-piece concept қағидаты өзгеріссіз қалады – бір жолаушыға бір ғана қолжүк", - делінген ақпаратта.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары