Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметінен босатылды

/
Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметінен босатылды

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметінен босатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі мәлімдеді.

«Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған лауазымдарынан босатылды», - делінген ақпаратта.

Еске сала кетейік, жуырда әлеуметтік желілерде Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы жанжалға қатысты бейнекадрлар тараған болатын. Оқиғадан кейін Сәпиев «мәселе шешілді» деп мәлімдеген еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары