Қазақстан екінші рет қысқы Азия ойындарын өткізеді. 2029 жылғы Азиада Алматы қаласында өтетін болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл жөнінде Азия олимпиадалық кеңесі мәлімдеді. Ресми келісімге 5 ақпанда Милан қаласында қол қойылады деп күтілуде. Бұған дейін жарысты Сауд Арабиясы өткізуі тиіс болған, алайда ел ұйымдастыруды кейінге шегерген.
Еске сала кетейік, соңғы Қысқы Азия ойындары Харбин қаласында өтіп, Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс, 7 қола алып, жалпы есепте 4-орынға тұрақтаған болатын.