"Сыртымнан мысқылдап күлгендер болса...": Төреғали Төреәлінің әкесі сауда үйінде куәлігін тексергенін айтты

/
"Сыртымнан мысқылдап күлгендер болса...": Төреғали Төреәлінің әкесі сауда үйінде куәлігін тексергенін айтты

Танымал әншінің әкесі Төреәлі Төлепов сауда үйінде тосын жағдайға тап болды. Ол өзін танымаған екі жігіттің өтініші бойынша, жеке куәлігін көрсетуге мәжбүр болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Екі жігіт Төреәлі Төлеповты сыртынан көріп өзара бәстескен. Олардың бірі мұны әншінің әкесі деп санаса, екіншісі ұқсатпаған. Сондықтан олар назарын аудартқан азаматқа өздері келіп, мәселенің мәнісін түсіндірген. Оқиға орнынан түсірілген видеоны Төреғалидің әкесі әлеуметтік желіге жүктеді.

"Ассалаумағалейкум. Менің үйге азық-түлік алып жүргенім ешқандай таңқаларлық нәрсе емес деп ойлаймын! Қарапайымдылық — ең үлкен байлық. Адамды биіктететін атақ емес, жүректегі кішіпейілділік. Атақтан бұрын - адамдық, танымалдылықтан бұрын - қарапайымдылық. Немерелерімді күтіп алар алдында үйге керек азық-түлігін алып жүрмін. Сыртымнан мысқылдап күлгендер болса, "бастарыңызға келсін" деп батамды беремін. Алла сіздерді де дәл сондай немере бағатын, қызығына тоймайтын күндерге жеткізсін", - деп жазды Төреәлі Төлепов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары