Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі көпшілікке алғысын жеткізді

/
Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі көпшілікке алғысын жеткізді

Кино түсіретінін мәлімдеген Дариға Бадықованың экс-күйеуі елдің ықыласына бөленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды.

"Жекеме көптеген жан қолдау білдіріп, ыстық лебіздерін жолдап жатыр. Барлығына жеке жауап беріп үлгермесем де, әрбір тілегіңіз бен сөзіңіз жүрегіме жетті. Қолдауларыңыз үшін алғысым шексіз", - деп жазды Дархан Мұсаев.

Оның мәлімдемесіне қатысты желі қолданушылары әртүрлі пікір білдірген. 

"Дариғаны қойыңыз басты рөлге", "Сәттілік серігің болсын! Жеке өзіңізді танитын адам, сізді өте өнерлі, сабырлы, талантты екеніңізді айтты. Тек, алға!", "Керемет! Алла ісіңізді оңғарсын. Мықты актер екеніңізді білуші едік, мағыналы туындылар күтеміз!", "Мен де түсейін киноңызға", - деп жазды желі қолданушылары.

Еске салайық, Дархан Мұсаев фильм түсіретінін айтып, елден сүйінші сұраған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары