Танымал қазақстандық дзюдошы допинг дауына ілікті

/
Танымал қазақстандық дзюдошы допинг дауына ілікті
istockphoto

Қазақстандық спортшы Ержан Еренқайыпов (-66 кг) халықаралық жарыстардан шеттетілді.  

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметінше, Е. Еренқайыпов 2023 жылы Азия кубогының ашық турнирінде топ жарған.  

Кейінгі қатысқан халықаралық жарыстардың бәрінде жеңіліске ұшыраған қазақстандық балуан сәтсіз сериясын тоқтатып, Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізген.

Аталған жайсыз оқиғаға қатысты отандасымыздың аты-жөні IJF рейтингідегі тізімнен алынды. 

Айта кетелік, Еренқайыповтың допинг дауына ілігуі Қазақстан дзюдо федерациясының халықаралық аренадағы беделіне кері әсер етуі мүмкін. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары