Ерлан Қарин: Адам құқықтары мен бостандықтары – жаңа Конституцияның алтын арқауы

Ерлан Қарин: Адам құқықтары мен бостандықтары – жаңа Конституцияның алтын арқауы

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алтыншы отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жаңа Конституцияда мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары айқындалғанын атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау. Біз әзірлеп жатқан Конституцияның жаңа мәтінінде бұл қағидаты маңызды орын алады. Адам құқықтары мен бостандықтары жаңа редакциядағы Конституцияның алтын арқауына айналып отыр. Заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету. Заң мен тәртіп үстемдік етпейінше, қоғам дамымайды, сана өзгермейді. Бұл – әділетті қоғамның басты шарты. Жалпыұлттық бірлікті бекемдеу ­– тұрақты дамудың кепілі болып қала береді. Ортақ мақсаттар үшін тұтас ел болып жұмылу – мемлекеттілігіміздің мызғымас қағидасы. Халықтың әл-ауқатын арттыру. Бұл – мемлекеттік саясаттың басты өлшемі. Жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясын орнықтыру, отаншылдық іс-әрекетімен ел мүддесі үшін жұмыс істеу, ал жасампаздық оны нақты істермен бекіту, сындарлы диалогпен дәлелдеу. Қоғамдық диалошты дамыту. Бұл мемлекет пен қоғам арасындағы сенім тірегі. Соңғы жылдары жүргізілген реформалар мен өткізген референдумдар дамыған қоғамдық диалогтың жарқын мысалы. Еңбек, прогресс, білім құндылықтарын бекіту. Еңбек адамдарына, білімпаздарға мемлекеттік деңгейде көрсетіліп жатқан құрмет пен қолдау – соның айғағы. Жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру. Бірнеше жылдан бері жемісті жүзеге асырылып келе жатқан «Таза Қазақстан» жобасы халықтың табиғатқа, айналаға деген сана-сезімін өзгертуде. Осы істі әрі қарай ілгерілету маңызды», – деді Мемлекеттік кеңесші.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары