Футболдан Ұлттық құраманың U-21 командасының бапкер көмекшісі Елдос Ахметов "Қайрат" пен "Арсенал" арасындағы ойынды көру үшін Англияға арнайы барды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол шетелге сапары аясында әлеуметтік желіде жазба жариялады. Онда оның Отанға деген сүйіспеншілігі айқын көрініс тапқан.
"Лондонның қақ ортасынан "Қазақ үйін" көргенде бойымызды қуаныш кернеді. Қаншама шетелде жүрсек те, елді сағынып тұрамыз. Елге, Отанға деген құрмет, басқа-басқа, спортшыларда ерекше болатынын білемін. Көк тудың желбірегені жанымызға жылулық силайды. Жасай берсін, Қазақ елі!", - деп жазды Елдос Ахметов.