Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты

/
Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуланы жеңді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қарсыластар осыған дейін өзара алты мәрте кездесіп, әрқайсысы үш-үштен жеңіске жеткен еді. Бұл жолы брейкпен бастаған Рыбакина 3:0 есебімен алға кетіп, сол басымдылығын сақтап қалды. Есеп – 6:3.

Екінші сетте есеп 1:1 болғаннан кейін теннисшілер брейкпен алмасты. Дегенмен Елена брейк жасап, есепті 5:3-ке жеткізді. Бірақ Пегула да қалыспай, Рыбакинаның үш матчболды пайдалануына мүмкіндік берді. Есеп – 5:5. Рыбакина тай-брейкте дегеніне жетті – 7:6 (9:7). 

Бір сағат 40 минутқа созылған матчта Рыбакина 6 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.

Елена Рыбакина финалда әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь елінің өкілі Арина Соболенкомен чемпиондық атақты сарапқа салады. Ол жартылай финалда рейтингіде 12-орындағы украиналық Элина Свитолинаны айқын басымдылықпен жеңді. Есеп – 6:2, 6:3. 

2023 жылы Рыбакина финалда Соболенкодан 6:4, 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары