Максим Рожин: Конституциялық өзгерістер – ел бірлігін және қауіпсіздігін қорғаудағы маңызды кепіл

/
Максим Рожин: Конституциялық өзгерістер – ел бірлігін және қауіпсіздігін қорғаудағы маңызды кепіл
Конституциялық сот

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Мәжіліс депуатты Максим Рожин басты құндылығымыз саналатын егемендігіміз бен елдігімізге қатысты маңызды мәселеге тоқаталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен егемендігіне қол сұғуға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ, соғысты немесе қарулы қақтығысты насихаттауға жол берілмейді. Бұл – тек заң алдындағы міндетіміз емес, жүрегіміздегі адалдық пен жауапкершіліктің көрінісі.

Президент айтқандай, «Заң мен тәртіп» – әрбір азаматтың өмірінде ұстанатын берік қағидаға айналуы тиіс. Бұл қағида қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етеді, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғайды, сондай-ақ еліміздің біртұтастығы мен даму жолын бекітеді.

Конституциялық өзгерістерде осы баптардың нақты айқындалуы – ел бірлігін және қауіпсіздігін қорғаудағы маңызды кепіл. Ұсынылып отырған норма жаңа шектеулер енгізуге бағытталмаған. Ондағы мақсаты – қорғалатын құндылықтарды нақты белгілеу және олардың сақталуын қамтамасыз ету.

Заңға бағыну тек құқық бұзғандарды жазалау емес, сондай-ақ құқық бұзушылыққа жол бермеу және қателіктердің алдын алу арқылы жүзеге асады. Өйткені әрқайсымыздың жүрегінде еліміздің тұрақтылығы мен егемендігін сақтауға деген борыш сезімі және болашаққа деген сенім бар», - деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары