Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының 2025/2026 жылғы маусымындағы жалпы кезеңдегі соңғы ойынын сырт алаңда Лондонның «Арсенал» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесу Лондондағы «Эмирейтс» стадионында өтті. Ойынды Швейцариядан келген төреші Урс Шнидер бастаған қазылар алқасы жүргізді.
Матчтың бастапқы құрамдары төмендегідей болды.
«Арсенал»: Кепа, Москера, Уайт, Эзе, Мартинелли, Дьёкереш, Нергор, Мадуэке, Хаверц, Калафьори, Льюис-Скелли.
«Қайрат»: Анарбеков, Мата, Садыбеков, Жоржиньо, Мартынович, Глэйзер, Тапалов, Мрынский, Широбоков, Эдмилсон, Сорокин.
Ойынның екінші минутында Виктор Дьёкереш есеп ашты. Алайда көп ұзамай «Арсенал» қорғаушысы Риккардо Калафьори өз айып алаңында Жоржиньоны құлатып, төреші пенальти белгіледі. Жоржиньо өзі орындаған соққымен есепті теңестірді. Бірінші тайм аяқталғанға дейін «Қайрат» қақпасына Кай Хаверц пен Габриэль Мартинелли тағы екі гол соқты.
Екінші таймда ойынның жалпы барысы айтарлықтай өзгермей, кездесу 3:2 есебімен аяқталды.
Осылайша, «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңін бір ұпаймен аяқтап, турнир кестесінде соңғы орынға тұрақтады.