Ақмола облысында шетел азаматтарына жалған құжат жасайтындар ұсталды

/
Ақмола облысында шетел азаматтарына жалған құжат жасайтындар ұсталды
Polisia.kz

Криминалдық полиция қызметкерлері бірқатар өңірде заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту фактілерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда, 22 қаңтарда Павлодар облысында криминалдық полиция қызметкерлері Қазақстан азаматтары мен жақын шет елдер азаматтарын ұстады. Олар сыйақы үшін Қазақстан аумағы арқылы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуді ұйымдастырған.

26 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында республикадан шығарылып, елге кіруге тыйым салынған шетелдік азамат ұсталды. Ол бөтен фамилиямен елге қайта кірген.

Сол күні Ақмола облысының Қосшы қаласында жалған құжаттар жасау арқылы шетел азаматтарының Қазақстанда болуын ұйымдастырған топ ұсталды.

Жалпы күдіктілерден автокөліктер, қарда жүретін техника, шетелдік паспорттар, флэш-карталар, әртүрлі оргтехника және медициналық мекемелердің мөрлері тәркіленді. Негізгі ұйымдастырушылар сот санкциясымен қамауға алынды.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 392-бабы және 394-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ішкі істер министрлігі мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету басым бағыт болғандықтан, Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын елдің көші-қон заңнамасын қатаң сақтауға шақырады.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары