Конституциялық комиссияның төртінші отырысы басталды

/
Конституциялық комиссияның төртінші отырысы басталды
Конституциялық сот

Конституциялық комиссияның кезекті отырысы басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, 2026 жылғы 21 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Жарлықта Конституциялық реформа бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру көзделген.

Құжатқа сәйкес, комиссия туралы ереже және оның құрамы бекітілді.

Комиссияны Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова басқарады. Ал оның орынбасары Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева болса, комиссияның хатшысы болып, Президент әкімшілігінің қызметкері Айдар Жарылғанов таңдалды.

Комиссияның құрамына АП, ҰҚК, прокуратура, ұлттық компаниялар қызметкерлері, Парламент және мәслихат депутаттары, әкімдер, қоғам қайраткерлері мен журналистер кірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары