Маңғыстауда із-түзсіз кеткен ер адам іздестіріліп жатыр

/
Маңғыстауда із-түзсіз кеткен ер адам іздестіріліп жатыр
Lider.kz

Маңғыстау облысының тұрғыны Қайрат Ағаділов із-түзсіз жоғалып кетті. Ол 22 қаңтарда үйінен шығып, содан бері хабарсыз, деп хабарлайды turkystan.kz.

Lider.kz іздестіру-құтқару қозғалысының еріктілері ер адамның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды хабарласуға шақырады.

1987 жылы туған Қайрат Ағаділов 22 қаңтар күні Маңғыстау ауылындағы Бозжыра тұрғын алабындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен.

Белгілері: бойы орташа, дене бітімі орташа.
Киімі: қара түсті күртеше мен шалбар, басында бас киім, қоңыр түсті кроссовка.

Ер адам туралы қандай да бір мәліметі бар жандардан +7 (700) 499-72-92 немесе 102 нөмірлеріне хабарласу сұралады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары