Мемлекет қорғауындағы ағаштарды заңсыз кесумен айналысқан күдіктілер анықталды

/
Мемлекет қорғауындағы ағаштарды заңсыз кесумен айналысқан күдіктілер анықталды
Polisia.kz

26 қаңтарда Қызылорда облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы өңірлік прокуратурамен бірлесіп, мемлекет қорғауындағы ағаштарды заңсыз кесу және дайындаумен айналысқан қылмыстық топты тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күдіктілердің заңсыз әрекеттері мемлекеттік табиғи қорық аумағында жүзеге асырылған.

Аталған әрекеттерге табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының инспекторлары “қамқорлық” көрсетіп, олар жүйелі түрде заңсыз ақшалай сыйақы алып отырған. Жазасыз қаламыз деп сенген күдіктілер сирек кездесетін сексеуіл ағашын дайындау және оны шекаралас облыстарға өткізу бойынша тұрақты қылмыстық схеманы ұйымдастырған.

Ағаш дайындау орындары анықталып, шекаралас өңірлерге өткізу фактілері құжатталды.

Тінту шаралары барысында бірнеше бірлік атыс қаруы, оқ-дәрілер, жүк көліктері, электрлі аралау жабдықтары, радиостанциялар, ірі көлемдегі қаражат, сондай-ақ табиғи жағдайда қалпына келуі ондаған жылдарды қажет ететін заңсыз кесілген сексеуілдің едәуір көлемі табылып, тәркіленді.

Тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, оларға 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Мемлекетке келтірілген залал көлемі анықталуда.

Ішкі істер министрлігі сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктерді заңсыз кесу экожүйеге елеулі зиян келтіретінін және ауыр қылмыстар санатына жататынын ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары