Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан әке атанды

/
Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан әке атанды
жеке парақшасынан

Еркін күрестен Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан әке атанды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап

Жас жұбайлардың отбасында қыз бала дүниеге келді. Қуанышты жаңалықты спортшының жары Фируза перзентханадан шыққан сәтінен фотосуреттер жариялап, көпшілікпен бөлісті.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан 2024 жылдың қыркүйегінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған. Ал жас жұбайлар 2025 жылы шаңырақ көтеріп, дүркіретіп той өткізді. 

Ризабек Айтмұқан 19 жасында Белградта өткен еркін күрестен әлем чемпионатында топ жарып, Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды.

Ал 2023 жылы Сербияда өткен әлем біріншілігінде 92 келі салмақта алтын жүлде иеленді. Сондай-ақ, 2024 жылдың қыркүйегінде 20 және 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында үздік атанды.

Сонымен қатар 2025 жылдың наурыз айының соңында Иорданияның Амман қаласында өткен Азия чемпионатында күміс жүлде еншіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары