Маңғыстауда ер адам 13 жастағы өгей қызын зорлаған

/
Маңғыстауда ер адам 13 жастағы өгей қызын зорлаған
istockphoto.com

Маңғыстауда өзіне оқ атқан ер адам өгей қызын зорлаған, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында 13 жастағы қыз балаға қатысты зорлық-зомбылық фактісі ер адамның қайтыс болғанынан кейін белгілі болды. Оқиғаның мән-жайын Маңғыстау облысы полиция департаменті мәлімдеді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 2026 жылғы 24 қаңтарда «102» жедел желісіне 13 жастағы қызға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасалғаны жөнінде арыз түскен.

«Тексеру барысында заңға қайшы әрекеттерді, алдын ала деректер бойынша, қыздың өгей әкесі жасағаны анықталған. Аталған ер адам 2026 жылғы 20 қаңтарда өз-өзіне қол жұмсаған.

Осы дерек бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі (кәмелетке толмағанды зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғады», — деп мәлімдеді ведомство.

Полиция өкілдері қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы қамтамасыз етілді. Тергеу мүддесіне сәйкес ҚР ҚПК-нің 201-бабына сай өзге ақпарат жария етілмейді», — деп қорытындылады полиция.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары