Әлеуметтік желіде көпшіліктің сынына қалған танымал виолончелші Бағжан Октябрь жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Меккеде қажылығын өтеп жүрген өнерпаз TikTok желісінде клубтық әрі көңілді ырғақты әндерге видео түсірген болатын. Көпшілік оның бұл әрекетін сынға алып, түрлі жазба жариялай бастады.
«Мен Threads-те бір мезетте жауыз болыппын...
Біреуді ренжіткем болсам, кешірім сұраймын. Рақмет. Әлі екі күнім бар. Телефонды чемоданға салып, өз-өзіммен қалып, дұғалырымды тілей берейін», - деп жазды өнерпаз.
Сондай-ақ ол бұл оқиғаны сынаққа теңеді.
«Дым ойламай өзімнің күндеее түсіріп жүрген TikTok дыбысыммен видео салдым. Барып ұйықтап телефонымды ашсам, TikTok-та шулап жатыр. Еш арам ойы жоқ мен, бір сәтте күнәҺар, тәкаппар, жауыз бола қалдым. Иә, мойындаймын бұл қылығымды, расымен де қате жасаған шығармын. Солай болса, мойындаймын және өз мойныммен көтеремін. Мен бұл күнге дейін ешкімнің ала жібін аттап, адамзат түгілі, жәндікке зияны тимеген адаммын.
Мақұл, бұл да бір сынақ шығар. Осылай осылай адам боламын», - деп жазды виолончелші.