Ұлттық ұлан офицері туған інісінен Әскери ант қабылдады

/
Ұлттық ұлан офицері туған інісінен Әскери ант қабылдады
Ұлттық ұлан

Атырау қаласында Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінде қызмет атқаратын аға лейтенант Құдияр Сапарбек туған інісі – жас сарбаз Мағжан Сапарбектен Әскери ант қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аға лейтенант Сапарбек қазір Ұлттық ұланның Атырау қаласында орналасқан 5546 әскери бөлімінде рота командирі лауазымында абыроймен қызмет атқарып келеді. Ал інісі Мағжан Сапарбек аталған бөлімге жас сарбаз ретінде қабылданып, әскери қызмет жолын енді ғана бастады. Қос бауыр – Шымкент қаласының тумалары.

Жас сарбаз Мағжан Сапарбек үшін бұл күн өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі болды.

– Ағам – мен үшін бала кезден үлгі. Оның әскери қызметтегі жолын көріп өстім. Антты дәл өз ағамның алдында беру мені одан сайын жігерлендірді. Бұл – менің Отан алдындағы сертім ғана емес, отбасымның абыройын асқақтату жолындағы жауапкершілігім, – дейді жас жауынгер.

Әскери бөлім басшылығы да бұл оқиғаның тәрбиелік мәніне ерекше тоқталды. Мұндай тағдыр тоғысы жастарға отансүйгіштік, әскери дәстүрге адалдық және отбасы құндылықтарының маңызын айқын көрсетті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары