Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің (ААК) Авиациялық әкімшілігі қазақстандық әуе компанияларына Иран әуе кеңістігі арқылы ұшуға тыйым салды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«Иран аумағындағы әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігіне төнетін қатердің күшеюіне байланысты ААК қазақстандық әуе компанияларына Иранның әуе кеңістігі арқылы, оның ішінде, шегінде және маңында ұшуға ерекше нұсқау берілгенге дейін тыйым салды. Барлық рейстер қауіпті аймақты айналып өтетін бағыттармен жүзеге асырылуда. Жағдай ААК бақылауында, қауіп деңгейінің өзгеруіне қарай қосымша шаралар қабылданатын болады», - делінген хабарламада.