«Ішімдік ішемін»: Апалы-cіңілі Құндыз бен Назгүлдің асыраушысы қарамағындағы балаларды аяусыз ұрған видеосы тарады

/
«Ішімдік ішемін»: Апалы-cіңілі Құндыз бен Назгүлдің асыраушысы қарамағындағы балаларды аяусыз ұрған видеосы тарады
коллаж turkystan.kz

Танымал журналист Руслан Өтепбай құлдықта болған апалы-сіңілі Құндыз бен Назгүлдің асыраушысы Зүлфия Төленованың балаларды ұрып-cоққан видеосын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бейнеде асыраушы әйел қарамағындағы балаларды балағаттап, қол көтерген. Осыған байланысты Руслан Өтепбай Зүлфия Төленовадан сұхбат алды. Сұхбат барысында қазір қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.

"Бәрі белгілі болды. Қиналып жүрген тек Құндыз бен Назгүл ғана емес екен. Желтоқсан айының 29-ы күні Зүлфия Төленованың үстінен ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Арызданушылар -асыранды балалары. Балалардың айтуынша, Зүлфия Төленова ішімдік ішіп алып, олардың мазасын алып, бірнеше рет қол көтерген. Аталған дерек бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, заң аясында жауапқа тартылады. Бұл істі @zhambyl_police Жамбыл облысының полиция департаменті соңына дейін жеткізеді деп сенім білдіреміз", - делінген журналисттің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары