28 қаңтарда жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Қазтелерадио» АҚ ұлттық спутниктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадиохабар тарату жабдықтарында, сондай-ақ деректерді беру желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес 2026 жылғы 28 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17:00-ге дейінгі аралықта жүргізіледі.
Жұмыстарды жүргізу кезінде «OTAU TV» спутниктік теледидары, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадиохабар тарату, сондай-ақ деректерді беру және телефония қызметтерін көрсетуде уақытша үзілістер болуы мүмкін.
«Қазтелерадио» АҚ туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреді, - делінген хабарлмада.