Азаматтар деструктивті контентті таратудың құқықтық салдарын жете түсінуі қажет – Президент

/
Азаматтар деструктивті контентті таратудың құқықтық салдарын жете түсінуі қажет – Президент
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарға деструктивті контентті таратудың құқықтық салдары жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн екенін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Технологияның қарқынды дамуы ақпараттық кеңістіктің түбегейлі трансформациясына жол ашады. Қоғамды жікке бөліп, азаматтарды бір-біріне қарсы қоятын деструктивті ақпарат таратуға бейіл адамдар да бар. Мұның бәрі өшпенділікке бастайтын ешкімге қажетсіз, тіпті қауіпті пікірталасқа жалғасады. Жасанды интеллектіні осындай адамдар ақпараттық қаруға айналдырып, заңға қайшы келетін контенттерді көптеп тарата бастайды. Бұған жол беруге болмайды. Ондай әрекеттерге құқықтық баға беріп, жауапкершілікке тарту қажет. Азаматтарға деструктивті контентті таратудың құқықтық салдары жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн», – деді Президент Бас прокуратурада өткізген жиынында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары