Тоқаев: Киберқылмыспен күрес тәсілдерін түбегейлі қайта қарау қажет

/
Тоқаев: Киберқылмыспен күрес тәсілдерін түбегейлі қайта қарау қажет
istockphoto.com

Мемлекет басшысы Бас прокуратурада өткізген жиынында қазір интернеттегі алаяқтық қылмыстардың бестен бірі ғана ашылатынын және бұл – өте төмен көрсеткіш екенін айтты. 

«Әлемде киберқылмыс өршіп барады. Жыл сайын мыңдаған азаматымыз соның құрбаны болып жатыр. Қазір интернеттегі алаяқтық қылмыстардың бестен бірі ғана ашылады. Бұл – өте төмен көрсеткіш. Киберқылмыспен күрес тәсілдерін түбегейлі қайта қарау қажет. Цифрлық қатерге төтеп беру үшін құқық қорғау органдары бір қадам алда жүруге тиіс. Озық ойлап, артта қалмаудың амалын табу қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары