«10 жылға дейін бас бостандығынан айыру»: прокуратура қыз алып қашу туралы ескерту жасады

/
«10 жылға дейін бас бостандығынан айыру»: прокуратура қыз алып қашу туралы ескерту жасады
Фото: gov.kz

Бас прокуратура некеге мәжбүрлеу мен адам ұрлау заңмен тыйым салынған қылмыс екенін ескертті, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған turkystan.kz.

"Некеге мәжбүрлеу және адам ұрлау — заңмен тыйым салынған қылмыс. 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап ҚК-нің 125-1-бабы қолданыста. Некеге немесе бірге тұруға мәжбүрлеу, сондай-ақ осы мақсатта адам ұрлау үшін 7 жылға дейін, ал ауырлататын жағдайларда 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Жәбірленушіні босату жауаптылықтан босатпайды.

Неке тек ерікті келісіммен жасалады", - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары