Индонезияда апатқа ұшыраған ұшақтан 10 адамның мәйіті табылды

/
Индонезияда апатқа ұшыраған ұшақтан 10 адамның мәйіті табылды

Индонезиялық құтқарушылар Оңтүстік Сулавеси провинциясындағы Булусараунг тауының шыңында құлаған Indonesia Air Transport әуе компаниясына тиесілі ATR 42-500 ұшағының бортында болған барлық 10 адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Reuters агенттігі Индонезияның Ұлттық іздеу және құтқару агенттігіне сілтеме жасап мәлімдеді.

Ведомство дерегіне сай, қаза тапқандардың мәйіттерін эвакуациялау жалғасып жатыр, операция қолжетімі қиын таулы жер бедеріне байланысты күрделенген. Ұшақ республиканың Теңіз істері және балық шаруашылығы министрлігінің тапсырысы бойынша чартерлік рейс орындап, балық аулау аудандарын әуеден бақылау жұмыстарын жүргізген. Бортта жеті экипаж мүшесі және ведомствоның үш қызметкері болған.

Айта кетейік, апат 17 қаңтарда болды. Ұшақ Джокьякарта қаласынан Оңтүстік Сулавеси астанасы Макассарға бағыт алған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары