Оқу-ағарту министрі кейбір мектептердің жұмысы тоқталатынын айтты (ВИДЕО)

/
Оқу-ағарту министрі кейбір мектептердің жұмысы тоқталатынын айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова заң талаптарын бұза отырып жұмыс істеген жекеменшік мектептерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Министрдің айтуынша, 10 жыл бойы өз ғимаратының мақсатты пайдалануын заң талаптарына сай рәсімдемеген мектептердің қызметі тоқтатылады.

«Заңға және белгіленген тәртіпке сай, сапалы білім беретін мектептер өз жұмысын жалғастырады. Мемлекет өз міндеттемелерін толық орындайды. Ал талапқа сай емес, заңсыз қызмет атқарған, сондай-ақ 10 жыл бойы ғимаратты мақсатты пайдалану мәселесін дұрыс заңдастырмаған мектептердің барлығы бұдан әрі жұмысын жалғастырмайды. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Заң және тәртіп” қағидаты, сондай-ақ “Әділетті Қазақстан” ұстанымы аясында қабылданған дұрыс шешім», – деді министр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары