Әнші Алтынай Жорабаеваның отбасы қайғыдан қара жамылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның айтуынша, 14 қаңтарда қайнысы жол апатына түсіп, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгеннен кейін көз жұмған. Қайғылы оқиға оның 41 жасқа толуына небәрі төрт күн қалғанда болған.
«Қайыным Әли Тұралыұлы 41 жасқа толуына төрт күн қалғанда жол апатына ұшырап, алты күн комада жатып, Раббысына қайтты. Папамның қасына сен де бардың. Жаның жәннатта болсын», – деді А.Жорабаева.