Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әсел Досаева қызметінен айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің 2026 жылғы 22 қаңтардағы шешімімен Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Ә.Досаева судьялық әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылып, судья қызметінен босату түріндегі жаза қолданылды», – делінген кеңес мәлімдемесінде.
Айта кетейік, 2025 жылғы 2 қарашада әлеуметтік желілерде Астанада азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әсел Досаеваның мас күйінде көлік жүргізіп ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Рейдтік іс-шаралар барысында патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы автокөлікті тоқтатқан. Сараптама жүргізушінің алкогольдік мас күйде болғанын көрсеткен.