Бокстан Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, Қарағанды облысы спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев соққыға жығылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Kozachkov offside мәліметінше, даңқты спортшыны өзінің орынбасары, джиу-джитсудан әлем чемпионы Дәурен Есімханов ұрып-соққан.
«Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», – деді полиция.
Белгілі болғандай, Дәурен Есімханов 25 тәулікке қамауға алынды.