Солтүстік Қазақстан облысында екі адам үсіп қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Дәрігерлер бір адамның екі аяғын кесуге мәжбүр болса, екінші адамның бақайларын кескен.
«61 жастағы науқас аяқтарының 3-дәрежелі үсік шалуымен түсті. Ол кездегі жағдайы ауыр болды, ампутация жасалды. Сондай-ақ 56 жастағы науқас жеткізілді, оның да бақайларын үсік шалған, операция жасалды. Көпшілігі алкогольдік мас күйде болған. Әдеттегідей, адамдар аязды күндерді, өз жағдайын дұрыс бағаламай, өмірін қатерге тігеді», — деді СҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.
Қол мен аяқ үсігімен зардап шеккендер Петропавл қаласының травмпунктіне әлі де түсіп жатыр. Синоптиктердің болжамынша, аяз тағы бірнеше күн сақталатындықтан, дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.