Қарағандыдағы қоғамдық тамақтану орнында жарылыc болды

/
Қарағандыдағы қоғамдық тамақтану орнында жарылыc болды
Скриншот

Бүгін Қазыбек би атындағы ауданның Ермеков көшесінде орналасқан жеке тұрған фастфуд кафе-киоскісінде газ-ауа қоспасының жарылысы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарылыс пен кейінгі өрт салдарынан 4 адам зардап шекті. Олар медициналық мекемеге жеткізілді.

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт салдарынан ғимараттың сыртқы және ішкі қаптамасы, жиһаз, тұрмыстық техника және пайдаланылған заттар жанып кеткен. Өрттің жалпы аумағы шамамен 30 шаршы метрді құрады.

Өрт сөндірушілер ғимарат ішінен көлемі 27 литрден тұратын тағы екі бүтін газ баллонын сыртқа шығарып, соның арқасында бірнеше жарылыстың алдын алды.

Қазір болған жағдайдың өзге мән-жайлары мамандар тарапынан анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұл дәмхана жуырда ғана ашылған. Әлеуметтік желілердегі алғашқы жарияланымдар 2025 жылдың қыркүйек айының соңында пайда болған. Бүгінгі оқиғаға дейін нысан төрт айға жетпей жұмыс істеген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары