Медицина университетінің студенті ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалды

/
Медицина университетінің студенті ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалды
Скриншот

Астана – Шымкент бағытындағы SCAT әуе компаниясының рейсінде ер адамның жағдайы кенеттен нашарлап, есінен танып қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұшақ бортында медицина қызметкерлері болмағандықтан, Қарағанды медицина университетінің 7-курс студенті Дінмұхаммед Шегебаев жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Нәтижесінде жолаушының жағдайы тұрақтанып, ұшақ қонғаннан кейін жедел жәрдем қызметіне тапсырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары