Стадионға Бораттың киімімен келген «Брюгге» жанкүйерлері қамауға алынды

/
Стадионға Бораттың киімімен келген «Брюгге» жанкүйерлері қамауға алынды
Коллаж: Turkystan.kz

Бельгиялық «Брюгге» футбол клубының үш жанкүйері қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Астана Арена» стадионында өткен «Қайрат» және «Брюгге» футбол клубтарының матчына «Борат» фильміндегі басты кейіпкердің купальнигімен келген шетелдік жанкүйерлердің қылығы әлеуметтік желіде кең таралып, резонанс тудырып, желі қолданушыларының ашуын тудырған еді.

Астана қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, 20 қаңтар күні футбол матчы өтіп жатқан кезде стадионда үш ер адам айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер жасаған.

Полиция қызметкерлері шетелдік азаматтарды ұстап, бөлімшеге жеткізді. Тексеру барысында жанкүйерлердің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

 Аталған фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» және 440-бабы «Қоғамдық орында мас күйінде болу» бойынша әкімшілік іс қозғалды.

«Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот ұсталғандардың әрқайсысына бес тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады», – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары