Пірәлі Әлиев «Каспий» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Маңғыстау облысының футбол федерациясының ақпаратынша, Пірәлі Ханалиұлы – Алматы футбол мектебінің тәрбиеленушісі. Ойыншы ретінде «Қайрат», «Атырау», «Жетісу», «Локомотив», «Тобыл», «Ордабасы» және «Ертіс» клубтарында ойнаған.
2006 және 2007 жылдары «Жеңіс» клубында ойнап, Қазақстан чемпионы атанды. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 5 матч өткізді.
Бапкерлік мансабын 2021/2022 маусымында Түркияның «Истанбулспор» клубының жастар командасының бас бапкері ретінде бастады.
2023-2024 маусымында жастар командасымен жергілікті «B» дивизионының чемпионы болды.
Бұдан бөлек, 2023 жылы Түркия Суперлигасындағы «Истанбулспор» негізгі командасының бас бапкері міндетін атқарып, екі ойынға қатысты. 2024 және 2025 маусымдарында «Жеңіс» ФК-ның бас бапкерінің ассистенті қызметін атқарды.