Португалияда Роналдудың мүсінін өртеп жіберді (ВИДЕО)

/
Португалияда Роналдудың мүсінін өртеп жіберді (ВИДЕО)

Белгісіз ер адам Португалия құрамасының капитаны, «Алтын доптың» бес дүркін иегері Криштиану Роналдудың Мадейра аралындағы Фуншал қаласында орнатылған мүсінін өртеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Correio da Manha газеті хабарлаған.

Аталған қала – футболшының туған жері. Оқиға Роналду музейінің маңында болған. Ер адам мүсінге жанғыш сұйықтық құйып, от қойған сәтін видеоға түсіріп, желіге жүктеген. Қазіргі уақытта полиция күдіктінің жеке басын анықтап жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары