Шымкентте жол үстінде кісі өлтірген күдікті іздестіріліп жатыр

/
Шымкентте жол үстінде кісі өлтірген күдікті іздестіріліп жатыр

Шымкент полицейлері қаладағы 40 жастағы тұрғынның өліміне байланысты күдіктілерді іздестіруде , деп хабарлайды turkystan.kz.

20 қаңтар күні Еримбетова мен Рысқұлов көшелерінің қиылысында автокөлік жүргізушілері мен жолаушылары арасында жанжал шыққан. Оқиға барысында пышақ жарақатын алғандар бар. Зардап шеккендердің бірі оқиға орнында көз жұмды.

«Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шымкент қалалық полиция департаменті күдікті тұлғалардың жүрген жерін анықтау және оларды ұстау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр», – деп жазылған Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Күдіктілерді анықтау және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларына полиция департаментінің барлық күш-құралы жұмылдырылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары