Астанада құтқарушылар бойжеткеннің саусағынан сақинаны шешуге көмектесті (ВИДЕО)

/
Астанада құтқарушылар бойжеткеннің саусағынан сақинаны шешуге көмектесті (ВИДЕО)
Сурет: ТЖМ

Астана қаласында бойжеткен көмекке ТЖМ қызметкерлерін шақырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Астана қаласының Алматы ауданында, А-1 көшесінде орын алды. 2007 ж.т. жас қыздың саусағын сақина қатты қысып, өздігінен шеше алмаған соң, ол құтқарушылардан көмек сұрады.

ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қысқа уақыт ішінде арнайы кесу құралының көмегімен ісінген саусақтан сақинаны абайлап шешіп берді.

Төтенше жағдай қызметкерлері шұғыл жағдайда 112 нөміріне хабарласып әрдайым көмек алуға болатынын жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары