Ұлттық құрылтайда еліміздің жарқын болашағына бағытталған ұсыныстар айтылды – депутат

/
Ұлттық құрылтайда еліміздің жарқын болашағына бағытталған ұсыныстар айтылды – депутат
Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында ортаға салынған келелі мәселелердің маңызына тоқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, Сыр еліндегі құрылтайда да маңызды бастамалар көтеріліп, еліміздің жарқын болашағына бағытталған ұсыныстар айтылды.

«Бүгін Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті. Президент Сыр өңірінің тарихи-мәдени маңызына тоқталып, жыраулық-жыршылық дәстүр мен еңбек адамдарының аймақ дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Соңғы үш жылда Қызылорда облысында әлеуметтік салада ауқымды жұмыстар атқарылғаны айтылды. Атап айтқанда, ондаған білім беру, мәдениет, спорт және медицина нысандары салынды. Жаңа көп бейінді аурухана, емхана мен перзентхана құрылысы басталды. Мемлекет басшысы өңірдің тұрақты дамуын облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының жүйелі еңбегімен байланыстырды.

Сонымен қатар Президент болашақ Парламенттің атауы «Құрылтай» болуы тиіс екенін айтып, бұл ұғымның тарихи әрі саяси маңызын атап өтті. Парламент жұмысының тиімділігі депутаттар санына емес, олардың сапасына байланысты екенін жеткізді. Талқылаулар нәтижесінде жаңа Парламенттің мандат саны 145 болып белгіленуі ұсынылды.

Сыр еліндегі Құрылтайда да маңызды бастамалар көтеріліп, еліміздің жарқын болашағына бағытталған ұсыныстар айтылды», - деді Мұрат Нәлқожа.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары