Ақтөбедегі қоғамдық тамақтану орнында жарылыс болып, 5 адам зардап шекті

/
Ақтөбедегі қоғамдық тамақтану орнында жарылыс болып, 5 адам зардап шекті
Скриншот

Ақтөбеде бір қабатты ғимаратта газ жабдығы жарылып, шатыр көтеріліп, өрт шықты. Оқиға 19 қаңтарда сағат 17:45 шамасында болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына екі өрт сөндіру машинасы мен 7 өрт сөндіруші шықты. Газ баллонының жарылуы ғимараттың құлауына себеп болды.

Аудандық ауруханаға 5 адам жеткізілді, олардың жасы 30–60 аралығында. Біреуі реанимацияда, төрт адам травматология бөлімінде.

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары