Астана полициясы «Қайрат» пен «Брюгге» матчына қатысты үндеу жасады

/
Астана полициясы «Қайрат» пен «Брюгге» матчына қатысты үндеу жасады
Polisia.kz

20 қаңтарда сағат 20:30-да «Астана Арена» стадионында «Қайрат» пен «Брюгге» командалары арасында футбол матчы өтеді. Осыған байланысты Астана полициясы қауіпсіздік шараларын күшейтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана полициясының мәліметінше, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін патрульдік полиция, туристік полиция қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторлары, сонымен қатар Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жұмылдырылмақ. Барлығы шамамен 2800-ге жуық полиция қызметкері қоғамдық қауіпсіздікті күзетпек.

Шетелдік жанкүйерлер мен қонақтардың келуін бақылау үшін арнайы іс-шаралар ұйымдастырылған. Қала тұрғындарының ыңғайлылығы үшін қосымша автобустар қатынайды.

Астана полициясы жанкүйерлерді қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нұсқауларын орындауға және матчқа қауіпсіз әрі жайлы бару үшін ұйымдастырылған қоғамдық көлікті пайдалануға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары