Виктор Цойдың бейітінің жанынан әйел адамның мәйіті табылды

/
Виктор Цойдың бейітінің жанынан әйел адамның мәйіті табылды
pixabay.com

Санкт-Петербург қаласында музыкант Виктор Цойдың қабірі орналасқан зиратта әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға кеше кешкі уақытта Санкт-Петербургтегі Богослов зиратында, музыкант Виктор Цой жерленген жерде болған. Сол жерден өнер иесінің шығармашылығына табынушы 47 жастағы әйелдің қаза тапқаны анықталды.

Қолда бар мәліметке сәйкес, әйел зиратқа жалғыз келмеген — онымен бірге екі танысы болған. Оқиғадан кейін олардың екеуі де болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Алдын ала болжам бойынша, әйелдің қазасына сапасыз алкоголь себеп болуы мүмкін. Қорытынды шешімдер қажетті сараптамалар мен тергеу шаралары жүргізілгеннен кейін белгілі болады. Құқық қорғау органдары тексеруді жалғастырып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары