Шымкент қаласында жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсырып жатқан кезде жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, автодромда сынақтан өтіп жатқан қыз бала газ бен тежегішті шатастырып, салдарынан көлік аударылып кеткен.
Оқиға емтихан алаңында болған. Абырой болғанда, жол-көлік оқиғасы салдарынан ауыр жарақат алғандар жоқ. Дегенмен көлікке айтарлықтай материалдық залал келген.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.