20 қаңтарда Қазақстанның бірқатар облыстарында қар, төменгі боран, тұман және көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде қатты аяз және желдің екпіні күшейеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Астанада 20 қаңтар күні мезгіл-мезгіл қар жауып, боран болады.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында кей уақытта тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін шығысқа ауысады, облыстың таулы аудандарында екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді.
Алматы мен Қонаевта 20 қаңтарда кей уақытта тұман болып, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Жетісу облысының шығысында, орталығында және таулы аудандарында кей уақытта тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, Алакөл көлдері маңында екпіні 15–20, кейде 23–28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында 25–27 градусқа дейін қатты аяз күтіледі.
Түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, облыстың солтүстігі мен орталығында 15–20 м/с, Жарма ауданында екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді.
20 қаңтар түні және таңертең ШҚО-ның солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз облыстың шығысында 15–20 м/с. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 40 градусқа дейін қатты аяз сақталады.
Өскемен: түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында қар жауып, төменгі боран болады, облыстың батысы мен оңтүстігінде аздаған қар, төменгі боран күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады.
Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 20–22 градусқа дейін қатты аяз күтіледі.
Түнде СҚО-ның батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қар, төменгі боран, күндіз де қар, төменгі боран күтіледі. Облыстың батысында тұман болады.
Петропавл: қар және төменгі боран күтіледі.
Қызылорда облысының оңтүстігі мен орталығында тұман күтіледі.
Қызылорда: 20 қаңтарда мезгіл-мезгіл тұман болады.
Жамбыл облысы
Түнде облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында төменгі боран күтіледі. Күндіз таулы аудандарда көктайғақ болады. Кей уақытта тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, таулы аудандарда 15–20 м/с.
Тараз: кей уақытта тұман күтіледі.
20 қаңтарда Түркістан облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан, күндіз облыстың тау асуларында 15–20 м/с.
Шымкент пен Түркістанда кей уақытта тұман күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында қар, боран күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с.
Павлодар: 20 қаңтарда күндіз қар және боран күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз екпіні 15–20 м/с
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман және көктайғақ күтіледі.