Алматыда сэндвич-панель шығаратын жаңа кәсіпорын іске қосылады

/
Алматыда сэндвич-панель шығаратын жаңа кәсіпорын іске қосылады
Алматы әкімдігі

Алматының Индустриялық аймағында сэндвич-панель шығаратын жаңа кәсіпорын іске қосылады. Жоба «Almaty Business – 2025» бағдарламасы аясында, «Алматы» ӘКК-нің еншілес ұйымы — «Almaty Finance» ЖШС-нің қаржыландыруымен жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда, «East Star Com.kz» ЖШС-не 7 жыл мерзімге жылдық 6% жеңілдетілген мөлшерлемемен 480 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 1,5 млрд теңге, оның ішінде 1 млрд теңге — инвестордың өз қаражаты.

Индустриялық аймақ аумағында бір ауысымда 3 000 шаршы метрге дейін өнім өндіруге мүмкіндік беретін заманауи өндірістік желі орнатылады. Өз өндірісінде шығарылатын минералды жылуоқшаулағыш материалдардан жасалған панельдер мектеп, аурухана, тұрғын және коммерциялық нысан құрылысына пайдаланылады.

Аталған жоба отандық құрылыс материалдарының үлесін арттыруға, 33 жаңа жұмыс орнын ашуға және 7 жыл ішінде бюджетке шамамен 490 млн теңге көлемінде салық түсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары