Australian Open – 2026: Александр Бублик бірінші айналымда Бруксбиді жеңді

/
Australian Open – 2026: Александр Бублик бірінші айналымда Бруксбиді жеңді
ҚТФ

Әлемнің 10-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик Australian Open турнирінің екінші айналымына шықты. Ол алғашқы матчында америкалық Дженсон Бруксбиді (әлемдік рейтингте 48-орын) жеңді.

Кездесу 2 сағат 5 минутқа созылып, 6:4, 6:4, 6:4 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталды.

Келесі айналымда Александр Бублик Венгрия өкілі Мартон Фучовичпен (әлемнің 55-ракеткасы) кездеседі. Ойын 21 қаңтарға жоспарланған.

Australian Open турнирі 1 ақпанда аяқталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары