Қазақстандық теннисші Австралиядағы турнирде топ жарды

/
Қазақстандық теннисші Австралиядағы турнирде топ жарды
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Австралияда өтіп жатқан беделді ITF J300 Траралгон юниорлық турнирінде тарихи нәтижеге қол жеткізіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Бұл жарыс дәстүрлі түрде юниорлар арасындағы Австралия ашық чемпионаты қарсаңында өтеді.

Үшінші айналымдағы кездесуде әлемдік ITF юниорлар рейтингінде 12-орында тұрған қазақстандық теннисші АҚШ өкілі, рейтингте 21-сатыда орналасқан Гэвин Гудты сенімді түрде жеңді.

Матч екі сетте аяқталды — 7:6 (7:5), 6:1. Алғашқы партиядағы тай-брейк шешуші сәт болды: дәл осы жерде Заңғар ойын барысын өз пайдасына өзгертіп, екінші сетте толық басымдық танытты.

Бұл жетістік Қазақстан теннисі үшін ерекше саналады. Заңғар Нұрланұлы — Траралгонда өткен J300 турнирінің жекелей сында ширек финалға шыққан алғашқы қазақстандық юниор.

Жартылай финалға шығу үшін ол әлемдік юниорлық турдың көшбасшыларының бірі, ITF Juniors рейтингінде бесінші орында тұрған бразилиялық Луиш Гуту Мигелмен кездеседі. Бұл матч 19 қаңтарға жоспарланған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары