Ұлытау облысында прокуратура жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактілерін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ұлытау облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Ұлытау ауданында пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру схемасын анықтады және Қылмыстық кодекстің 334-бабы бойынша 2 қылмыстық іс тіркеді.
Тергеу нәтижесі бойынша кінәлі тұлғалар қылмыстық жауаптылыққа тартылды, 51 млн теңге экологиялық залал өтелді, 136 млн теңге мөлшерінде жер қойнауы ресурстарына келтірілген залалды өндіріп алу бойынша шаралар қабылдануда.
Сонымен қатар Жер кодексінің талаптарына сәйкес пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жатқызылған.
Алайда талдаумен жергілікті атқарушы органдардың сеніп тапсырылған аумақтарда пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің жолын кесу бойынша әрекетсіздік фактілері анықталды.
Тек «Қазақстан Ғарыш сапары» ғарыштық мониторингінің деректері бойынша (nedro.gharysh.kz), облыс аумағында пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру белгілері бар 53 учаске белгіленген.
Осыған байланысты табиғат қорғау прокуратурасының ұсынуы бойынша облыс әкімдігі қалалар мен аудандардың әкімдеріне пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру фактілерін уақтылы анықтауға бағытталған шараларды қабылдауды тапсырды.
Жергілікті атқарушы органдардың кінәлі лауазымды адамдары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда және табиғат қорғау прокуратурасының бақылауында.