Шымкентте 21 жастағы қыздың өлімі: ІІМ мәлімдеме жасады

/
Шымкентте 21 жастағы қыздың өлімі: ІІМ мәлімдеме жасады
коллаж: turkystan.kz

Шымкентте 21 жастағы қызды өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу ІІМ бақылауында, деп хабарлайды turkystan.kz.

ІІм мәліметінше, Шымкент қаласы полиция қызметкерлері тарапынан уақтылы шаралар қабылданбауы мүмкін деген пікірлер мен уәждер бойынша қызметтік тексеру тағайындалды.

"Қазір күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Ең тәжірибелі қызметкерлер қатарынан арнайы тергеу-жедел тобы құрылды.

Қылмыстық іс аясында жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша күдіктінің барлық әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Тергеу-жедел іс-шаралар кешені жалғасуда, оның барысында барлық түскен мәліметтер, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар мұқият тексеріліп, талдануда.

Ішкі істер министрлігі кез келген қатыгездік көріністеріне тосқауыл қойып, кінәлі адам тиісті жазасын алуы үшін заңда көзделген барлық шараларды қабылдайды", - делінген хабарламада. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары