Бокстан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Қайрат Сәтжановқа көлік пен пәтер сыйға берілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.
"Бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті Дархан Қызайбаев Қайрат Сәтжановқа Toyota Land Cruiser 300 автокөлігін және Астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер кілтін табыстады.
Қайрат Тұрсынханұлын құттықтай отырып, алдағы уақытта тек табыс тілейміз!", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Қайрат Сәтжанов 10 қаңтарда Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен денсаулығына байланысты бас тартқан болатын. Ол ұлттық құрама тізгінін Париждегі сәтсіздіктен кейін ұстаған еді.